Ауа-райына байланысты 8 облыста 20 автожолда шектеу енгізілді
Абай облысында 7 учаске, жалпы ұзындығы 2204 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу, -40 градус аяз)
Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске, жалпы ұзындығы 1101 км. км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу, -40 градус аяз)
Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 58 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
"Алматы-Өскемен" - Үшарал қ.-Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Қарағанды облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км
(Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" - Қарқаралы қ. -Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Қостанай облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км.
(Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Павлодар облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 160 км.
(Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. "Омск-Майқапшагай" - Кежекөл к.- Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Ұлытау облысында – 1 учаске жалпы ұзындығы 115 км.
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл. шек (барлық көлік түрлері үшін)
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 698 бірлік техника және 1351 жолшы жұмылдырылды