Басқарма өкілдерінің мәлімдеуінше, оқу жылының басталуымен пойыздар арасы 6 минут 12 секунд болады. Вагондар саны да көбейеді.
"Қазіргі уақытта жолаушылар ағынының ұлғаюымен метрополитеннің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстары мен пойыздарға жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы мобилділік басқармасы
2023 жылдың 5 маусымынан бастап Алматы метросы жазғы режимге көшкен еді.
Жыл сайын метродағы жолаушылар санының азаюына байланысты электр пойыздарының жазғы кестесі жұмыс істейді. 2023 жылғы 5 маусымнан бастап жұмыс күндері пойыздар 7 минут 45 секунд – 12 минут 24 секунд аралығымен жүреді. Демалыс және мереке күндері қозғалыс аралығы 12 минут 24 секунд – 15 минут 30 секунд болады.
Ведомство оқу жылының басына дейін желіге 100 жаңа автобус шығатынын, мемлекеттік мектептерге 100 мектеп автобусы сатып алынғанын нақтылады.
2023 жылдың соңына дейін тағы 500 автобус пен 100 троллейбус жолға шығады.
2023 жылғы 9 тамызда қалалық мәслихаттың отырысында қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифі бекітілді.