Қазақстанға көшіп келгендер саны көбейіп, кеткендер саны азайған

Сурет: pixabay
Қазақстанға көшіп келгендер саны көбейіп, кеткендер саны азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы есебінде айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюроның мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13 652, ал елден кеткендер саны 6 996 адам болған. Көші-қон сальдосы – 6656 адам.

"2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды". Ұлттық статистика бюросы

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады