Алматыдағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Сурет: pixabay
Алматыда 16-17 тамызда жылу желілерін реконструкциялау кезінде бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше көшеде ішінара автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі.

2023 жылғы 16 тамыз сағат 10:00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.

"Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз".  "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Еске салайық, бұған дейін Алматыда кейбір автобустың жүру бағыты уақытша өзгеретінін хабарлаған едік.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды