Алматыда кейбір автобустың жүру бағыты уақытша өзгереді
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі 15 тамыз бен 15 қараша аралығындағы кейбір автобустардың бағытына қатысты өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Папанин көшесіндегі жерасты газ құбырын реконструкциялау жұмыстарына байланысты осы жылғы 15 тамыз бен 15 қараша аралығында маршруттар қозғалысының уақытша кестесі:
- №121 – оңтүстік бағытта – Майлин көшесі – Шемякин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – одан әрі схема бойынша;
- №121 - солтүстік бағытта – Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығысқа қарай) – "№103 мектеп-гимназия" алдындағы бұрылыс – Шемякин көшесі – Майлин көшесі – одан әрі схема бойынша;
- №74 – оңтүстік бағытта – Гете көшесі – Хмельницкий көшесі – Шемякин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – одан әрі схема бойынша;
- №74 - солтүстік бағытта – Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығысқа қарай) – "№103 мектеп-гимназия" алдындағы бұрылыс – Шемякин көшесі – Майлин көшесі – Писарев көшесі алдындағы бұрылыс – Хмельницкий көшесі – Гете көшесі – одан әрі схема бойынша.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жерасты газ құбырын жаңалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Папанин көшесі бойында көлік қозғалысы шектелетінін хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript