Қарағандыдағы автобуста бала ұстаған әйелдің үстіне терезе сынып, құлаған

Суретті зардап шеккен әйел ұсынған
Бүгін, 16 тамызда сағат 09.45-те 21 жастағы қарағандылық пен оның бір айлық қызының үстіне автобустың терезесі құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел № 5 автобуста Майқұдықтан Оңтүстік-шығысқа шағын ауданына бара жатқан. Оқиға Достық үйі ауданында болған.

Қарағандылықтың айтуынша, терезе еш себепсіз сынған. Жол апаты да болмаған, ешкім тас та лақтырмаған. Ол жолаушының басына құлаған. Сәбидің беті жабық болып, аман қалған. Ал әйел шашының арасынан шыны сынықтарын алып, қолын жарақаттаған.

"Мен қызыммен бірге терезенің алдында отырған едім. Баланың беті жабық болғаны жақсы болды. Оның бетіне шыны сынықтары құлайтын еді. Оның жамылғысы сынықтарға толып қалды. Басымнан да қаншамасын алдым", - деді зардап шеккен әйел.

№ 3 автопаркі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. 

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды