Сенбіде еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, қатты жел тұрады деп болжанады

Синоптиктер 26 тамызда қолайсыз ауа райына байланысты 15 облыс бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Ұлытау облысының орталығында, батысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі, облыс орталығында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Аймақтың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда өрт қаупі жоғары.

Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста ол 23 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай болады. Солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Семейде өрт қаупі жоғары.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыс орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында өрт қаупі жоғары.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында да өрт қаупі жоғары. Алматыда өрт қаупі жоғары. Қонаевта да өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте кешке найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күннің соңында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз аракідік шаңды дауыл тұрады. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде  найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: