Шымкентте дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см болатын эхинококк құртын алып шықты

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте балалар дәрігерлері 14 жастағы қыз баланың бауырынан 9 см болатын эхинококк құртын алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім 21 тамызда іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне әкелген. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған.

"Жедел түрде науқасқа ота жасалды. Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен, яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасынан   9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды”. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Аурухананың білікті балалар хирург-дәрігерлері Ержан Байдуллаев, Қайрат Ізбасов және Асанбай Курманалиев, Гүлжан Айдинованың қатысуымен ота сәтті өткені де нақтыланады.

"Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда", делінген хабарламада.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін