Отандық құрылыс материалдары импортпен бәсекелесе ала ма? Министрлік "Халықтық құрылыс" туралы жауап берді

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 15:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 23 қарашада Құрылтайда өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков отандық өндірушілердің импорттық өніммен бәсекелесу және "Халықтық құрылыс" жобасына қатысу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер отандық өндіріс дамып келе жатқанына қарамастан, Қазақстан әлі де көптеген тауарды шетелден сатып алатынын, ал жергілікті кәсіпорындарға шетелдік өндірушілермен бәсекелесу қиын екенін атап өтті. Осыған байланысты олар қазақстандық кәсіпорындар "Халықтық құрылыс" жобасына қатыса ала ма деген сұрақ қойды.

"Қазір де шетелден тауар әкелінеді. Мемлекет өз мойнына алған міндеттемелерге сай ел ішінде еркін сауда жасауға да, шетелден өнім әкелуге де мүмкіндік береді. Кейбір құрылыс материалдарын әлі де импорттаймыз. Дегенмен негізгі құрылыс материалдарына деген сұранысты өзіміз толық қамтамасыз етіп отырмыз деуге болады. Мәселен, цемент, бетон және металл бұйымдары негізінен Қазақстанда өндіріледі. Ендігі маңызды міндет – құрылыс материалдарын терең өңдеуді дамыту", – деді Сапарбеков.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында бірқатар бастама қолға алынған. Алдағы уақытта оларды құрылыстың өзге бағыттарына да енгізу жоспарланып отыр.


"Осы жоба аясында бірқатар бастаманы іске асырдық. Енді оларды басқа құрылыс нормаларына да енгізіп, жақсырақ нәтижеге қол жеткізуді көздеп отырмыз. Жеке кәсіпкерлеріміздің бұл жұмысқа атсалысып жатқанын көрдік. Сонымен бірге құрылыс тоқтамауға тиіс. Елдегі өндіріс мүмкіндіктерін де, құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытында аяқтау үшін қажетті материалдарды дер кезінде жеткізу мүмкіндігін де ескеруіміз керек. Сондықтан бұл жұмысты өндірушілермен, құрылысшылармен және өзге де қатысушылармен бірлесіп, барлығының мүддесін ескере отырып жүргізбекпіз. Мақсатымыз – құрылыста қазақстандық өнімнің үлесін арттыру", – деді вице-министр.

Президент "Халықтық құрылыс" ауқымды жобасын 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: