Отандық унитаздар мен қолжуғыштар: Қазақстанда жаңа өндіріс іске қосылмақ

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 13:14 Фото: freepik
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков үкіметте өткен брифингте құрылыс саласында іске қосылған және жоспарланған жаңа өндірістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, соңғы үш жылда құрылыс материалдарын өндіру саласында 600-ден астам жоба жүзеге асырылған.

"Бұрын елімізде шығарылмаған өнімдер бар. Атап айтқанда, радиатор өндірісін жолға қойдық. Қазір жылу оқшаулағыш материалдарға деген ішкі сұраныс отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл – құрылыс материалдары саласындағы нәтижелер", – деді Сапарбеков.

Сондай-ақ ол алдағы жылдары елімізде санитарлық фаянс бұйымдарын, яғни унитаздар мен қолжуғыштар шығару жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Біз жаңа өндіріс бағыттарын дамытуды да мақсат етіп отырмыз. Алдағы жылдары Қазақстанда бұрын шығарылмаған санитарлық фаянс бұйымдарының – қолжуғыштар мен унитаздардың өндірісін іске қосу жоспарланған. Бұл ішкі сұранысты толық өтемесе де, оның бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп қосты вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда өнім өндіру көлемі артқанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: