Атырау қаласы әкімдігі әбден тозығы жеткен көпірді жөндеуден бас тартты

Сурет: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда жарты ғасырдан бері тұрған басты көпір алдында жоспарланғандай күрделі жөндеуден өткізілмейтін болды. Әкімдік көпірді толықтай қайта жаңарту қажет деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қаласы әкімдігінің ресми сауалға берген жауабынан басты көпірдің жабылмайтыны белгілі болды. Дегенмен көпірдің "орташа" жөндеуге жабылатыны туралы көктемде жариялаған еді, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

"АЖ" редакциясының сауалына қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев бұл жобаға түзетулер енгізіліп жатқанын, себебі "автокөпірдің техникалық жағдайын ескере отырып, толықтай қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет" екенін хабарлаған.


Толық қайта жаңарту үшін аталған көпір қашан және қандай мерзімге жабылатыны, әзірге белгісіз. 1965 жылы салынып, әбден тозығы жеткен АВТО көпірді "орташа" жөндеуге жабу жоспарланған болатын.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады