Алматыда көлік айнасы ұрлығының бірнеше дерегі ашылды

Сурет: ҚР ІІМ
Медеу аудандық полициясының мәліметінше, екі күн ішінде 3 көліктің айнасы қолды болған. Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды.
"Бұрында осы іспеттес қылмыс жасағаны үшін сотты болған 37 жастағы күдікті құрықталды. Ол тек BMW, Lexus, Toyota Land Cruiser секілді қымбат көліктердің айнасына қызыққан көрінеді. Өйткені аталған көлік иелері бір уақытта шағым түсірді. Аталған қылмысты ашуға арнай жедел тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұрланған барлық көлік айналары қылмыстық іске айғақ зат ретінде тіркелді. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу изоляторына қамауға алынды", – деп мәлімдеді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Жақыпбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев