Алматыда 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Сурет: Zakon.kz
Жолайрық құрылысына байланысты Сейфуллин даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы әкімдінінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Сейфуллин даңғылы  мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығы құрылысы" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 қыркүйек сағат 23:00-ден 2023 жылғы 3 қыркүйек сағат 22.00-ге дейін Сейфуллин даңғылының Ақпаев көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөілігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлік қозғалысы Ақпаев, Ботаническая және Ломоносов көшелері арқылы жүзеге асырылады. Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты келесі маршруттардың схемаларына уақытша өзгерістер енгізіледі:

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз".Алматы әкімдігі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда бүгін Әкелер күні тойланады

Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға барған алғашқы сапары туралы айтты