Алматыда күздің алғашқы аптасында күн жылы болады, аракідік жаңбыр жауады деп болжанады

Синоптиктер Zakon.kz-ға алдағы бір аптаның ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидрометтің мәліметінше, Алматыда ауа райы жылы болады, арасында жаңбыр жаууы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2-8 қыркүйек аралығында оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +26...+28 градус деңгейінде болады. Келесі аптаның бірінші жұмыс күнінде және оның соңында синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжайды.

2 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.

3 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с, кей тұста - 12 м/с. Ауа температурасы түнде: + 15...+ 17°С, күндіз: + 26...+ 28°С.

4 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +18...+20°С.

5-6 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +20...+22°С.

7 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +23...+25°С.

8 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +23...+25°С.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: