Атырауда салмағы 1 келі болып туған бала мектепке барды

Сурет: atpress.kz
Атырауда салмағы 1 келі болып туған бала мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды Zakon.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Туған кезде салмағы 1 келі болған 6 жасар Мақсот мектепке барды. Баланың ата-анасы ұлының құрдастарымен бірге өсіп-жетілгеніне қуанышты.

"Мақсот - екінші ұлымыз. Баламды алғаш рет көргенде қатты шошып, қорқып кеттім. Бүгінде сол кішкентай бала 6 жасқа толды. Салмағы қалыпқа келді, 26 келі. Қазір оның салмағы 1 келі болды деп айта алмайсың. Ұлым спортпен шұғылданады, футбол ойнағанды ұнатады. Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері мен Алла Тағалаға рахмет". Баланың анасы Гүлзира

Мақсот Атыраудағы Ғ. Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің бірінші сыныбына барған.

"Арманы - футболшы болу. Біз оның өз арманын жүзеге асырғанын, тек "бестікке" оқығанын тілейміз. Оның ақылды әрі табысты азамат болып өсетініне, еліміздің мақтанышына айналатынына сенеміз".Перинаталдық орталықтың баспасөз хатшысы Нұргүл Исмағұлова
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды