Талдықорған әкімі ыстық судың неге бір айға өшірілгенін түсіндірді

Сурет: pixabay
Талдықорғанның әкімі Ернат Бәзіл қала тұрғындарының қыркүйек айының соңына дейін ыстық судың өшірілуіне байланысты шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қыркүйектен бастап Талдықорған қаласы бойынша бір айға жуық уақытқа ыстық су өшірілді. Бұл жаңалық үлкен резонанс тудырды, осыған байланысты шаһар әкімі қала тұрғындарының шағымдарына жауап беруді жөн деп тапты. Оның айтуынша, жосықсыз мердігердің кесірінен осындай шешім қабылданған. 

"Сәуір айында мердігер жұмысқа кірісіп кетуі керек еді, міне, мамыр, маусым, шілде, тамыз бойы ештеңе атқарылмады, біз алтын уақыттымызды жоғалттық. Жыл сайын ыстық су тамыз айында өшірілетін, бірақ биыл біз оны бүгіннен бастауға мәжбүрміз. 21 күн деп әдейі артығымен алып отырмыз, бірақ екі аптадан кейін ыстық суды кезең-кезеңімен беруді бастаймыз", - деді қала әкімі Ернат Бәзіл. 


Бірінші кезеңде қала билігі Талдықорғанның жаңа және орталық ықшам аудандарында су беруді жоспарлап отыр, одан кейін облыс орталығының шеті қамтылады. 

Бұған дейін Талдықорған қаласының тұрғындары дәп оқу жылы басталғанда ыстық судың өшірілуіне шағымданған болатын.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды