Таиландта италиялық кәсіпкерді тонағандардың арасында қазақстандықтар болғаны рас па

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте ведомствоға Пхукетте итальяндық кәсіпкерді азаптап, тонауға Қазақстан азаматтары да қатысқаны жөнінде ақпарат түспегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров бұл қауесеттен хабардар екенін, бірақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Таиландтан ресми ақпарат келмегенін атап өтті. Ол таиландтық БАҚ-та жарияланған италиялық кәсіпкерді тонауға қазақстандықтардың да қатысы екені туралы ақпаратқа түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін баса айтты.

"Сіздер бұл оқиға жөнінде таиландтық БАҚ-тан оқыдыңыздар. Мен сіздерге ресми өкіл ретінде айтайын: біз бұл ақпаратты Тайланд билігінен ресми түрде алған жоқпыз. Ал қалғаны қауесет қана." Айбек Смадияров

СІМ спикері министрліктің тергеу жүргізбейтінін және құқық қорғау органдарының жұмысын атқармайтынын атап өтті.

"Біз азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерінің, тіпті олар қылмыскер болса да, бұзылмауын қамтамасыз етуге міндеттелетін сыртқы саясат ведомствосымыз". Айбек Смадияров

12 қыркүйекте Шешенстаннан шыққан аралас жекпе-жек шебері Хусейн Асхабов пен оның сыңар інісі Таиландта ұсталғанын хабарлаған едік. Олар италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптап, тонаған деген күдікке ілінген. Күдіктілердің арасында Қазақстан азаматтары да бар деген ақпарат тарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек