"Комиссия келе жатыр". Мектеп дәретханасындағы сабын мен қағазды түсірген қыз қысымға ұшыраған

Сурет: видео скрині
Мектептің дәретханасында сабын мен қағаздың үнемі бола бермейтінін және комиссия келетін кезде ғана қойылатынын видеоға түсіріп жариялаған оқушы білім мекемесі басшылығы тарапынан қысымға ұшыраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқушының айтуынша, мектеп басшылығы келесі айда барғалы отырған жарыстан шеттеткен. Сонымен бірге анасының жұмыс орнына айыппұл салатынын айтқан.

Қыз анасымен бірге Балалар құқығын қорғау комитеті хабарласқан.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті баланың анасымен байланыста екенін және оның құқығының бұзылуына жол бермейтінін мәлімдеді.

"Біздің басты міндетіміз – әр бала үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Бұны барлық білім беру ұйымдарының басшылары да түсінуге тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында баланың сөз бостандығына, өз пікірін білдіруге, өзінің қоғамдық ұстанымын дамытуға құқығы бекітілген. Білім беру ұйымдарының барлық басшылары оны нақты біліп, балалардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға көмектесуге тиіс. Тәрбие процесінде тыйым салу, қорқытуға жол берілмейді!", - деп хабарлады ведомство.

Комитет сонымен біргеөз ұстанымын белсенді түрде білдіретін және оның құқықтарының бұзылуы туралы хабарлаған әрбір баланы қолдайтынын мәлімдеді. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды