Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 19:09 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: