Алматы облысында балаға қол жұмсаған имамға қатысты ҚМДБ өкілдігі мәлімдеме жасады

Сурет: hilal.kz
Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында "Хидаят" мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді.


"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды. Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін, өзге имамдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде". ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі

Айта кетсек, әлеуметтік желіде имамның намаз кезінде кішкентай баланы қолымен қағып жіберіп сұлатқан видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болғандығы анықталған. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды