Бұл туралы полицияға 2 қазан күні сағат 10:43-те сигнал келіп түсті. Жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізіліп, нәтижесінде аты-жөні белгісіз адам анықталды. Жас жігіттің сөзінше, жалған хабарлама жіберу арқылы ол досын мазақ қылмақ болған. Бұл әзіл үшін жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Олардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған әкімшілік материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Дархан Әбіқұлов.
Сондай-ақ полиция мұндай заңсыз әрекеттер төтенше жағдайлар мен құқық қорғау органдарының айтарлықтай күштері мен ресурстарын жұмсауға әкеп соғатынын еске салды.
Айта кетерлігі, кінәлі адам жауапқа тартылумен қатар, сот шешімімен жалған қоңырау шалғаны үшін шығынды толығымен төлейді.
Сондай-ақ ПД-да ҚР ҚК-нің 273-бабының талаптарына сәйкес терроризм актісі туралы жалған хабарлау бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.