"Погонын жұлып, қашуға тырысты". Павлодарлық полицейге қарсылық көрсеткен азамат жазаланды

Сурет: polisia.kz
Павлодардың бір дәмханасында жанжал болып жатыр деген шақыру келіп түсті. Шақыруға келген полицейлер дәмханаға келушілер арасында болған жанжал төбелеске ұласқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мас күйде болған (медициналық куәландырумен расталды) жанжалға қатысушылар полицияның заңды талаптарына бағынбаған. Ер адам оқиға орнынан қашуға тырысып, полицейге қарсылық көрсеткен, сонымен қатар погондарын жұлып, нысанды киімдерін бүлдірген.

"32 жастағы күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Полицейлердің бірі ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 4-бөлімінің 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр". Павлодар облысының полиция департаменті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөліміне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды