9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: freepik
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның басым бөлігінің тұрғындарына 9 қазанда ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді. Бірқатар өңірлерде қатты жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Облыс орталығында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Ақмола облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, Көкшетауда жел 23 м/с жетеді. .

Ақтөбе облысының басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с, Ақтөбе қаласында 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 25 м/с жетеді. Ақтауда түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел облыстағыдай, 25 м/с.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде және батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні 23-28 м/с, Петропавлда 25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Оралда да желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда желдің жылдамдығы 18 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жел 25 м/с күшейеді. Қостанай қаласында екпінді жел 15-20 м/с жетеді.

9-10 қазанда солтүстікте, батыста, оңтүстікте, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында және Шымкент қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін