Павлодарда апатты үйлердің тұрғындары көшуден бас тартты

Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласында үш тұрғын үй апатты деп танылып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық телеарна бұл үйлердің адам өміріне қауіпті екенін көрсеткен болатын. Іле шұғыл түрде комиссия құрылып, тексеру басталды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Тексеру қорытындысы бойынша баспана тұруға жарамсыз, тіпті кез келген күні құлауы мүмкін.

"Бұл үйдің қабырғалары құлауы мүмкін. Бұл осы аталған үйлерде, әсіресе Централная 6 мекенжайы бойынша қауіп қатері өте үлкен. Ал, мынау үй блоктан жасалған. Блоктар бір-бірімен темірлері, арматуралары дәнекерлеу арқылы жалғанған. Осы сварканың жіктері ашылып жатыр. Біздің кеңесіміз осы үйден тезірек шығыңыздар." Тілекжан Ғалямов, қалалық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары

Енді тұрғындар бұл үйлерден біртіндеп көшірілмек. Алдымен 24 пәтерлік Централная 6 мекенжайының тұрғындарына жалдамалы пәтерлер беріледі. Ол үшін бюджеттен 17 млн. теңге бөлінген. Бұдан әр отбасына айына 210 мың теңге үлес тиюі керек. Бірақ әкімшілік араға риелтор салып отыр. Ол тұрғындарға үш бөлмелі пәтерлі жалдау құнын 130 мың теңгеден асырмандар!, деп талап қойыпты.

"Біз көшпейміз деп шешім қабылдадық. Себебі, бәрі ауызша айтылады. Жазбаша құжат қолымызға тиген жоқ. Риелтор келіп жалдық құны 120-130 мың теңгеге үй тауып алындар дейді. Бұл қаржыға жөні түзу үй табылмайды.Оның үстіне қолымызда ешқандай келісімшарт жоқ. Далада қалмау үшін заңгер жалдадық." Олег Дедюхин, қала тұрғыны
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды