Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей бөлігінде үсік жүреді деп болжанады

Сурет: unsplash
Синоптиктер еліміз бойынша 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал". "Қазгидромет" РМК

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жел соғып, кей уақыттардың соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады.

Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды