Көкшетауда артық салмақтан арылуға көмектесетін ота жасалады

Көкшетауда артық салмақтан арылуға көмектесетін бариатриялық ота жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, көпбейінді облыстық ауруханада бұл тәсіл арқылы ота тегін жасалады. 

Көпбейінді облыстық аурухана директоры Нұрлан Жаровтың айтуынша, Қазақстан халқының жартысынан көбі артық салмақ пен семіздіктен жапа шегіп отыр. 

"Тек қана отандық статистика ғана емес, жалпы халықаралық статистикаға жүгінсек науқастардың саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сезіміздіктің кері әсері де бар. Мысалғы: қант диабетінің 2-ші түрі пайда болады. Жүрек ауруы, артерриялдық гипертензия, буын аурулары". Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Нұрлан Жаров

Бұл проблема кей кезде психологиялық, дәрілік және диетологиялық емдеумен шешілмейді. 

"Мен қант диабетіне шалдықтым. Салмағым өте ауыр болды. Кейін мен бұл проблеманы шешу үшін өзімнің әріптестеріме жүгіндім. Олар маған бариатириялық отаны ұсынды, мен бірден келістім". Хирургия бөлімшесінің медбикесі Нұргүл Тілеуқабылова

Асқазанды кішірейту отасы кіші инвазиялық хирургия тәсілімен жасалады. Дәрігердің айтуынша, мұндай тәсілден кейін асқыну болмайды, науқастың оңалу үдерісі тез жүреді және пациенттің денесінде тіліктің белгісі болмайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: