Астанада тұрғынды 2,5 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды
Фото: Zakon.kz
Астана қаласының полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен байланысқа шығып, өзін сенімді жеткізуші ретінде таныстырғаны белгілі болды. Ол дәрумендерді тиімді бағамен жеткізіп беремін деп сендіріп, алдын ала төлем жасауды сұраған. Жәбірленуші оның сөзіне сеніп, бірнеше рет ақшалай қаражат аударған.
Алайда күдікті өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жеке басының пайдасына жаратып, уәде етілген тауарды жеткізбеген. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 2,5 млн теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript