Екібастұзда қайнаған суға күйіп қалған үш жасар бала қайтыс болды

Сурет: unsplash
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қазанда 02:25-те қайнаған үш жасар баланың қайнаған суға күйіп қалған туралы хабар түскен. Дәрігерлер оқиға орнына алты минутта жетті, деп хабарлайды Zakon.kz
"Термиялық күйік шалған үш жасар қыз бала қайтыс болған. Денесінің 40%-ын күйік шалғаны анықталды". Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Анасының айтуынша, 29 қазанда сағат 14:00-де тоғыз жастағы қызы үш жасар сіңлісін шомылдырғысы келген, деп жазды pavlodarnews.kz.

Абайсызда қайнап тұрған суы бар легенді қолынан түсіріп, балаға су шашылған. Күндіз балалар әжесі мен атасының қарауында болған. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.

Анасы бұл жағдай туралы кешкі уақытта біліп, бірден жедел жәрдем шақырған. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады