Абай облысында заңсыз аң аулаған азамат анықталды

Сурет: Zakon.kz
Үржар ауданының қорғалатын табиғи аумағында 45 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Нива автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан жабайы қабанның бөлінбеген ұшасы табылды. Оны атуға ұсталған адамның рұқсат құжаттары болмай шықты.

Ұсталған тұрғыннан 16 калибрлі бір тегіс ұңғылы мылтық та тәркіленді. Аталған факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі уақытта жануардың түрін анықтау және атылған қабанның жойылып кету қаупі бар-жоғын немесе пайдалануға тыйым салынған жануарды анықтау мақсатында сот-сараптамалық биологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар баллистикалық сараптама тағайындалды. Осы қылмыстық істің сараптамаларының қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда