Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматының Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, Д.есімді азамат кем дегенде 17 қала тұрғынын алдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, айыпталушы азаматтарға ай сайын қажетті соманы төлеп отыруға уәде беріп, автокөлікті несиеге рәсімдеуге көндіргені белгілі болды

"Ақша мен көлікті алған азамат көлікті үшінші адамдарға қайта сатып, қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған. Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегіне сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Зардап шеккендер көп болуы мүмкін. Сондықтан осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35". Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды