Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үйіне әдеттегіден ертерек қайтарылады

Сурет: Zakon.kz
Елордада күн бұзылды. Осыған байланысты мектеп оқушылары үйіне әдеттегіден ертерек қайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 22 қарашада елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Астана тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Мегаполисте қатты жел соғып, көктайғақ болады деп болжанды. Көп ұзамай күн райына байланысты қалалық білім басқармасы да мәлімдеме жасады.

"Құрметті ата-аналар және оқушылар! Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды".Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі

Бұған қоса хабарламада әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болатыны айтылған.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды