Жыл басынан бері 4651 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, оның ішінде 1847 отбасы көп балалы. Кәсіпкерлік бастама аясында жастарға 2,5% шағын несие беру жұмысы да басталды. Мәселен, 211 шағын несие беріліп, 207 шағын несие төленді.
Президент тапсырмасымен мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Облыста 24 481 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 2 905-і – балалар. Бұдан бөлек, оңалту шараларын арттыру және одан әрі бейімдеу, өмір сүру сапасын жақсарту үшін Семей мен Аягөзде 150 орындық екі орталық салуды көзделген.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Халықтың әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешу үшін жеке тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй үшін 50% өтемақы төлеуге бюджеттен 865 миллион теңге бөлінді.
Сонымен қатар, биыл Абай облысында жалпы ауданы 480 мың шаршы метрді құрайтын 68 көппәтерлі және жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 343,1 мың шаршы метрі пайдалануға беріледі, сол арқылы 2443 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 2026 жылға қарай тағы 148 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 6800 отбасына жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, жыл басынан бері 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Облыста 19 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 2442 адам көпбалалы отбасылар.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі