Ақмола облысында көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған

Сурет: pixabay
Ақмола облысында көктайғақтан 2 мыңнан аса көлік жолда қалған. Қозғалыс қиындағандықтан жол сақшылары арнайы колоналар жасақтап, көліктерді діттеген жеріне жеткізді.

Облыста қатты жел мен көктайғақтың кесірінен бірнеше бағыттағы жолдар жабылған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір барлық бағыттағы жолдар ашылды. Дегенмен, аймақта әлі қар жауып тұр. Кеше күн жылынып, жаңбыр жауғандықтан жолдар көктайғаққа айналған.

Жел де күшейіп тұр. Мамандар қазір жағдайды бақылауда ұстап отырмыз,-дейді.

Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын аймақта бірнеше бағыттағы жолдар жабылған еді.

Облыс аумағындағы барлық автокөлік жолдарында 44 патрулдік полиция экипажы, оның ішінде 88 қызметкер кезекшілік етті.

Дегенмен, соған қарамастан бір күнде 8 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін