Қызылшаға қарсы екпе ерекше балаларға да салынады

Сурет: pixabay
Қызылшамен ауырып жазылған үлкен де, кіші де оны қайтадан жұқтырмайды деген қате түсінік. Осылай деген дәрігерлер екпе салдыруға шақырады.

Осы айда 5 мыңнан астам балаға вакцина салынса, оның дені 6 айлық сәбилер, деп жазады qazaqstan.tv.

Айтпақшы, жаппай иммундау кезеңі дәл осы 6 айлық балалардан басталады.

"Мысалы, жоспарлы түрде бір жастан алынатын болса енді, бір жасқа дейінгі балалар да ауырып жатыр ғой сол үшін балалар ауырмауы үшін жаңа туған нәрсетелерді 6 айдан бастап егіп жатырмыз. Қызылшаға қарсы вакцина алған кезде жүріп-тұруы немесе мүмкіндігі шектеулі балалар немесе аутизммен ауыратын балалар деп бөлмейміз." Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы

Мамандар, қызылшаның алғашқы белгісі дене қызуының көтерілуі екенін айтып жүр. Бірақ, ата-ананың көбі мұны суық тиюмен шатастырып жатады дейді. Өйткені, бұл инфекция алдымен 4 күн температура беріп, содан кейін бөртпе түрінде шығады. Сондықтан, ыстығы көтерілген баланы бала-бақша мен мектепке жібермей, бірден жедел-жәрдем шақыртуға кеңес береді. Айтпақшы, жасы 18-ге толған азаматтар да, емханадан қызылшаға қарсы екпе салдыра алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді