БҚО-дағы күре жолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Сурет: pxhere
Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты 29 қарашада сағат 19:45-тен бастап "Казталов - Жәнібек - РФ шекарасы" күре жолының белгілі бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Батыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (тұман) сағат 19:45-тен бастап "Казталов - Жәнібек - РФ шекарасы" күре жолының 0-115 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", делінген "ҚазАвтоЖол" АҚ ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, 24 қарашада Ақмола облысында көктайғаққа байланысты тас жолдың бір бөлігі жабылған болатын. 

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді