Ақмола облысында көктайғаққа байланысты тас жолдың бір бөлігі жабылды
Сурет: ҚР ТЖМ
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық тас жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, 24 қарашада сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбырдан кейін күн суытып, көктайғақ болады) көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды, тас жол жабық.
Атап айтқанда, бұл арада "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар тас жолының 1292-1353 шақырым аралығындағы (Жібек Жолы ауылы – Қарағанды облысының шекарасы) учаскелері туралы сөз болып отыр.
Бұған дейін еліміздің белгілі бір өңірлерінде 25-27 қарашада жаңбыр жауып, боран соғып, күн күрт суытатыны хабарланған болатын. "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, еліміздің батысы мен солтүстігінде қарлы боранды тудыратын Атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript