Алматы облысында көктайғаққа байланысты республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды

Көктайғақ, Алматы облысы, Алматы- Ташкент - Термез тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 10:17 Сурет: pixabay
Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 желтоқсанда сағат 8:50-ден бастап республикалық трассаның бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты (суық күндері жаңбырдың жаууы, қатты көктайғақ) республикалық маңызы бар А-2 Алматы – Ташкент – Термез тас жолынының 59-143 шақырым аралығы, яғни Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Бұған дейін синоптиктер сенбіде, 16 желтоқсанда еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашар болатынын болжап, ақпарат таратқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: