Қызылорда облысында республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды
Сурет: Zakon.kz
"Самара - Шымкент" республикалық тас жолының Қызылорда облысындағы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қызылорда өңірінде ауа райының қолайсыздығына орай Самара-Шымкент тасжолының 1563-1702 шақырымдары аралығындағы Төретам ауылынан Жалағаш ауылына дейінгі жол бөлігінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", делінген "Қазавтожол" ҰК" АҚ хабарламасында.
Айта кетсек, синоптиктер сәрсенбіде еліміздің бес өңірінде тұман, боран, көктайғақ болатынын болжады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript