Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы тас жолының бір бөлігі жабылды

Екатеринбург – Алматы тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 22:06 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында ақтүтек боранға және айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты Екатеринбург – Алматы тас жолының бірқатар бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-тың хабарлауынша, аталған тас жолдың 1353-1426 шақырым аралығы, яғни Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі учаске жабылды.

Бұған дейін Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы тас жолының бір бөлігі жабылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: