Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін

Сурет: pixabay
Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді.

Бала құқығын қорғайтын бірнеше заң бола тұра, кәмелетке толмағандар қорғала бермейді. Балаларға жасалатын қылмыстық іс те азаймай тұр.

Күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі. Биылдың өзінде 4500 мың баланың құқығы тапталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Осыған байланысты ел аумағында "Отбасылық сот" пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр.

Оң нәтиже берсе, елдегі – ювеналды, азаматтық және әкімшілік сот біріктіріледі.

"Ағымдағы жылы прокуратура органдары 900-ге жуық тексеру мен тиісті талдау жасалды. Осы бағытта 2,5 мыңнан астам заңдылықты бұзу деректері анықталып, 1,5 мыңнан астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 300 мың кәмелетке толмағанның құқықтары қорғалды." Сәкен Самет, ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы