Синоптиктер 8 қарашада бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады

Сурет: pxhere
Синоптиктер ертең, 8 қарашада бірнеше өңірде тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда кей уақытта тұман. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте кей уақытта тұман. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі