10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

Адам құқықтары күні 1948 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған кезден бүкіл әлемде атап өтіледі. Декларация - әлемнің 500-ден астам тіліне аударылған құжат, деп хабарлайды Zakon.kz.

Декларация барлық халықтар мен мемлекеттер, сондай-ақ әрбiр адам оны орындауға ұмтылуға тиiс мiндеттi бекiтедi. Декларация адам құқықтары саласында бірыңғай халықаралық стандартты қалыптастырған адам құқықтары саласында 60-тан астам құралдарды енгізуге ықпал етті.

Декларацияда ұлтына, тұратын жеріне, жынысына, этникалық шығу тегіне, тіліне, дініне немесе өзге де жағдайына қатысты қандай да бір айырмашылықсыз бәрімізде бар негізгі құқықтар мен бостандықтардың кең тізбесі бекітілген.

2023 жылғы 10 желтоқсанда осы маңызды жаһандық декларацияның қабылданғанына 75 жыл толды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" жарлыққа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жарлыққа қол қоюына байланысты Х парақшасында жазба жариялады.

"Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" жарлыққа қол қойдым. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады", - деп жазды Президент Х парақшасында.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: