Шымкенттегі дүрбелеңнен кейін Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің уақытын өзгертті

Қайрат Нұртас, Қызылорда, концерт,  18 қазан, 20 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 22:48 Сурет: Instagram/kair_n
Танымал әнші Қайрат Нұртас жанкүйерлеріне Қызылордадағы концерті кейінге шегерілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

"18 қазанға жоспарланған концертіміз 20 қазанға ауыстырылды. Бұған дейін сатып алынған барлық билеттер өз күшінде қалады. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет! Билеттер Ticketon сайтында сатылымда", делінген жазбада.

Бұған дейін Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдар зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалған болатын. Желіде куәгерлер үш адамның қаза тапқанын, елуінің аяғы сынып, тағы 100 адам жарақаттанғанын айтты. Кейіннен жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды. Билеттерді шамадан тыс сатқан концертті ұйымдастырушы қамауға алынғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: