Теміртауда тұрғын үйлердегі жылу қалпына келтірілді

Сурет: wikimedia
Теміртауда электр стансасындағы апат салдарынан жылусыз қалған тұрғын үйлер жылуға қайта қосылды. Нысанда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміртау қаласы әкімдігінің мәліметінше, Ескі қала үйлеріндегі температура кестесі қалпына келтірілді, үйлер сәл жылынды.

"ҚарГРЭС-1-де багерлік сорғының су басуына байланысты қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті жабдықтар мен станцияның отын қоры мол".Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін 11 желтоқсанда ҚарГРЭС-1-де сорғы станциясында апат болғаны, соның салдарынан Теміртауда жылу беру жартылай шектелгені мәлім болды. Апатты жою үшін жедел штаб құрылды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі