Қарағанды циркінде төтенше жағдай: биіктен құлаған акробаттың жағдайы белгілі болды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:49 Фото: akorda.kz
Қарағандыда цирк қойылымы кезінде әуе гимнасты шамамен бес метр биіктіктен құлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға әртіс күрделі әуе трюкін орындап жатқан кезде болған. Ол көрермендердің, оның ішінде балалардың көз алдында манежге құлап кеткен. Құлағаннан кейін орнынан өздігінен тұра алмаған. Оған қойылымға қатысқан басқа әртістер дереу көмекке ұмтылған. Ал жүргізуші көрермендерге бәрі жақсы екенін хабарлаған.

КТК телеарнасының мәліметінше, гимнасттың жамбас сүйектері сынған.

"Науқас профессор Макажанов атындағы көпбейінді ауруханаға шұғыл түрде жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты", – деді Қарағанды облыстық травматологиялық қызметінің ахуалдық орталығының жетекшісі Ксения Деревяшкина.

Мәліметке сүйенсек, қауіпті трюкті орындау кезінде екі қыз сақтандыру құралдарын пайдаланған, ал олардың ер әріптестері сақтандырусыз өнер көрсеткен. Зардап шеккен әртіс – неміс циркінің 23 жастағы гимнасты.

Айта кетейік, 2026 жылғы 23 қарашада ресейлік театр және кино актері Никита Джигурданың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: