Қарағанды облысында құрылысшы биіктен құлап, мерт болды
Сурет: pixabay
Қарағанды облысында құрылысы жүріп жатқан зауыт территориясында ер адам биіктіктен құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиға 2024 жылдың 3 қарашасында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, марқұм монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгіп жатқан мердігерлік фирманың қызметкері болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Құрылысы жүріп жатқан зауытта орын алған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР Қылмыстық коекстің 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Бұған дейін Қарағанды облысында 2024 жылдың 3 қарашасында үш жүк вагонының рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript