Қарағанды облысында үш жүк вагоны рельстен шығып, төтенше жағдай орын алды

Қарағанды облысында Шұбаркөл станциясында үш жүк вагоны рельстен шығып, төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2024 жылы 3 қарашада сағат 03:45-те "Шұбаркөл Көмір" АҚ-тың жеке кірме жолында болған.
"Құраманы жеке компанияның локомотив бригадасы сүйреген. Локомотив те жеке тасымалдаушыға тиесілі", деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Сурет: "ҚТЖ" ҰК" АҚ
Аталған төтенше жағдайдың басқа пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етпегені нақтыланады.
Сурет: "ҚТЖ" ҰК" АҚ
Айта кетсек, 2024 жылы 9 қазанда Қорған станциясында электровоз рельстері мен жүк пойызының бірнеше вагондары істен шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript