Ақтөбеде құрылысшы биіктен құлап кетті

Ақтөбе қаласының Жұбанова көшесі бойынша орналасқан құрылыс нысанында оқыс оқиға орын алды. Құрылысшы темірмен бекітілген шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 21 сәуірде болған. 1966 жылғы құрылысшыны құтқарушылар оқиға орнынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
"Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері өздігінен зардап шекеенді шығара алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Жедел-құтқару жасағы азаматты шұңқырдан шығаруға көмектесіп, медицина қызметкерлеріне табыстады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін құрылысшы ауруханаға жатқызылды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖМ құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Бұған дейін Қарағандыда жоғары шенді полиция полковнигі қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript