ШҚО-да жұмысшы биіктен құлап, мерт болды

Жұмысшы, Шығыс Қазақстан облысы, Артемьев, шахта, жазатайым оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 19:56 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шығыстүстімет" ЖШС нысанында 2026 жылдың 9 мамырында қайғылы оқиға орын алды.

Yk.kz басылымының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, мерт болды.

"Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу шаралары жүргізілуде", делінген хабарламада.

KAZMinerals компаниясы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Бұған дейін СҚО-да жеңіл көлік апатқа ұшырап, әйел адамның қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: