Қостанай облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы мерт болды

Қостанай облысында шахтер қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2024 15:31 Сурет: pixabay
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің (ССКӨБ) "Соколовская" шахтасында жазатайым оқиға орын алды – жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 11 шілдесінде компанияның әлеуметтік желілердегі жарияланымынан белгілі болды.

"280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты."ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Оқиға қатысты тергеу басталды.", - делінген Instagram парақшадағы ақпаратта.

Компания марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетініне сендірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: